Еуропа лигасы: 1/16 финалда қай командалар бақ сынайды?
Еуропа лигасы: 1/16 финалда қай командалар бақ сынайды?
235
оқылды

Швейцарияның Ньон қаласында 2021/2022 жылғы маусымдағы Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды. Турнирдің бұл кезеңінде 16 команда бақ сынайды.

Айта кету керек, плей-офф раундына Еуропа лигасының топтық кезеңінде бірінші орын алған командалар тікелей жолдама алды. Олар: «Айнтрахт», «Байер» (екеуі де Германия), «Вест Хэм» (Англия), «Галатасарай» (Түркия), «Лион», «Монако» (екеуі де Франция), «Спартак» (Ресей), «Црвена Звезда» (Сербия).

Ал үшінші орын алған клубтар Чемпиондар лигасынан түскен командалармен өтпелі матч өткізеді:

  1. «Севилья» (Испания) — «Динамо» Загреб (Хорватия)
  2. «Аталанта» (Италия) — «Олимпиакос» (Греция)
  3. «РБ Лейпциг» (Германия) — «Реал Сосьедад» (Испания)
  4. «Барселона» (Испания) — «Наполи» (Италия)
  5. «Зенит» (Ресей) — «Бетис» (Испания)
  6. «Боруссия» Дортмунд (Германия) — «Рейнджерс» (Шотландия)
  7. «Шериф» (Молдавия) — «Брага» (Португалия)
  8. «Порту» (Португалия) — «Лацио» (Италия)
Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған 8 команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған 8 командамен кездеседі. Мұнда бір елдің командалары жолықпайды.

Алғашқы матчтар 2022 жылдың 17 ақпанында өтеді. Ал жауапты ойындар 24 ақпанға жоспарланған.