Шымкентте карантиндік шектеу шараларына өзгерістер енгізілді
Шымкентте карантиндік шектеу шараларына өзгерістер енгізілді
© kt.kz
125
оқылды
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 33 қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Мәдениет объектілерінің жұмыс тәртібі 50 адамға дейін, ал, «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібіне сайкес қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда қалыпты режимде жүргізіледі. Ал, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер және компьютерлік клубтар, playstation клубтарының толтырылуы 30%-дан аспауы тиіс. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібіне сәйкес қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда толтырылуы 80%-дан аспау қажет. Соның ішінде, компьютерлік клубтар, playstation клубтарына тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға қызмет көрсетуге рұқсат. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.