Оқиға 9 желтоқсан күні сағат 20.50-де Денисовка ауылында, бұрынғы "Волна" туристік базасында болды, – деп жазады "Алау" басылымы. Балық аулағаннан кейін жолға шыққан автокөлік ойылған мұзға батып кеткен. Көлікте отырған үш адамның тек біреуі – 62 жастағы ер адам тірі қалған. 56 жастағы жүргізуші мен оның 44 жастағы әйелі көз жұмды. Суға батқан көліктен аман шыққан ер адам бұрынғы туристік базаның күзет үйіне жетіп, 112 қызметіне хабар берген. [caption id="attachment_175216" align="alignnone" > Фото: ТЖД[/caption] Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жетті. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.