Алматыда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді
Алматыда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді
156
оқылды
Алматыда салмағы 6 кг 280 гр сәби дүниеге келді. Алматы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының мәліметінше, сәби 40 аптада кесарь тілігімен алынды.
"Анасының жағдайы жақсы, ол оның бірінші баласы. Анасы 20 жаста. Сәби анасының жанында. Баланың денсаулығында кінәрат жоқ, дәрігерлердің бақылауында", – дейді орталықтағылар.
Олардың айтуынша, ол осы орталықта дүниеге келген ең ірі сәби. "Бұған дейін салмағы үлкен сәбилер дүниеге келетін. Соңғы рет 5 кг 800 гр сәби туды. Бірақ 6 кг 280 гр деген алғаш рет тіркеліп отыр", – дейді дәрігер Гүлнар Нұрланова. Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20211213/18889219/Almaty-salmak-sabi.html