Назым Қызайбай сегіз дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Назым Қызайбай сегіз дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Шучинск қаласында бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Чемпионат алғаш рет 12 салмақ дәрежесінде өтті, – деп хабарлады Olympic.kz. Танымал қазақстандық спортшылардың бірі, екі дүркін әлем чемпионы – 28 жастағы Назым Қызайбай өз салмағында үздік екенін тағы бір рет дәлелдеді. Спортшы, осылайша Қазақстан чемпионатында сегізінші рет үздік атанды. Жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан командасы жеңіске жетті. Олардың еншісінде 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар. Екінші және үшінші орындарды Шымкент пен Алматы қалаларының командалары өзара бөлісті. Олар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алды.