Сенатта Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті
Сенатта Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті
238
оқылды
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев сенаторлар мен палата аппаратының қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыс етті. Сенат Төрағасы салтанатты жиын барысында қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елі­міздің өткен кезеңдегі басты жетістіктеріне тоқталды. Мәулен Әшімбаев мемлекеттің заң­намалық базасын нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы да айтты. «Қазақстан Елбасы саясатының арқасында тәуелсіздік жылдарында елеулі табыстарға қол жеткізді. Биліктің сабақтастығы бізге қол жеткізген жетістіктерімізді сақтауға және одан әрі өркендей беруге мүмкіндік берді. Сенат бүгінде Президенті­міздің елімізді жаңғырту бағдарын заңнамалық қолдау тұрғысында белсенді жұмыс істеп келеді», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенат депутаттарынан палата Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров – ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, сенаторлар Дәурен Әділбеков, Нұрлан Бекназаров, Нұртөре  Жүсіп, Сағындық Лұқпанов пен Абдалы Нұралиев – «Парасат» орденімен, Ольга Булавкина мен Ләззат Рысбекова – «Құрмет» орденімен марапатталды. Сенат аппараты қызметкерлерінен бөлім мең­герушілері Каналбек Райымбеков, Николай Турецкий «Құрмет» орденімен, бөлім меңгерушісінің орынбасары Ербол Әбдірасылов – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, бас консультанттар Эльмира Мұхаметжанова және Болат Омар Қазақстанның Құрмет грамотасымен марапатталды.