Мәжіліс депутаттары мемлекеттік наградаға ие болды
Мәжіліс депутаттары мемлекеттік наградаға ие болды
174
оқылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды. Мәжіліс Спикері депутаттық корпусты Тәуел­сіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Қазақ­станның осы жылдардағы барлық табыстары мен жетістіктері барша қазақстандықтардың еңбегінің және ел басшылығының стратегиялық бастамаларын іске асырудың нәтижесі екенін атап өтті. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақ­тастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін I дәрежелі «Барыс» орденімен Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, III дәрежелі «Барыс» орденімен Бекболат Тілеухан марапатталды. Мәжіліс Төра­ғасы «Парасат» орденін Аманғали Бердалинге, Аманжан Жамаловқа, Ирина Смирноваға және Бақытбек Смағұлға табыстады. Нұрлан Нығматулин «Құрмет» орденін Мәжіліс депутаттары Азамат Әбілдаевқа, Айқын Қоңыровқа, Айбек Паяевқа және аппарат басшысының орынбасары Жаслан Жүгінісовке, бөлім меңгерушісі Болат Мұқановқа табыстады. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі Серік Ерубаевқа, Дмитрий Колодаға, Юрий Лиге, Игорь Панченкоға, Ғани Ташқараевқа, Мақпал Тәжмағамбетоваға және бөлім меңгерушісі Гүлмира Қалманбетоваға, аппарат қызметкері Мархабат Қосабаева мен Салим Өмірзақовқа берілді. Қазақстанның Құрмет грамотасымен аппарат қызметкерлері Мәдина Қасенова, Назгүл Көш­кімбаева, Айжан Матыбаева, Рустам Тілегенов және Гүлмира Шынтаева марапатталды. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында еліміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Респуб­ликасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталды. Мәжіліс Төрағасы ТМД парламенттік ассамблеялары мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы наградаларын тапсырды. «Достастық» ордені Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге және Мәжіліс депутаты Мұхтар  Ерманға берілді. ТМД ПАА медальдарымен Мәжіліс депутаттары Сауытбек Абдрахманов, Жәмила Нұрманбетова, Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан және Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов  марапатталды. ТМД ПАА Құрмет грамоталары Снежанна Имашеваға, Лаззат Рамазановаға, Бауыржан Сартбаевқа берілсе, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ПАА медалі Мәжіліс депутаты Арман Қожахметовке, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ПАА Құрмет грамотасы Ерлік Тайжановқа табысталды.