Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі екінші мәрте тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі екінші мәрте тартылды
174
оқылды

УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі екінші мәрте тартылды.

Әуелде Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де жеребе тартылып, барлық жұп анықталған болатын. Алайда, рәсім барысында екі өрескел қателік кеткендіктен, жеребені қайта тартуға тура келді. Ережеге сай, 1/8 финалда топтық кезеңде бірінші орын алған команда өзге топта екінші орын алған командамен кездеседі. Бірақ бір елдің қос командасы жолықпайды.

Жеребе қорытындысы төмендегідей:

  1. «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Бавария» (Мюнхен, Германия);
  2. «Спортинг» (Португалия) - «Манчестер Сити» (Англия);
  3. «Бенфика» (Португалия) - «Аякс» (Нидерланды);
  4. «Челси» (Лондон, Англия) - «Лилль» (Франция);
  5. «Атлетико» (Мадрид, Испания) - «Манчестер Юнайтед» (Англия);
  6. «Вильярреал (Испания) - «Ювентус» (Турин, Италия);
  7. «Интер» (Милан, Италия) - «Ливерпуль» (Англия);
  8. «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Реал» (Мадрид, Испания).

Айта кетейік, 1/8 финалдың алғашқы ойындары 2022 жылы 15/16/22/23 ақпанда, қарымта кездесулер 8/9/15/16 наурызда өтеді деп жоспарланған.