Тәуелсіздік күні қарсаңында астанада отшашу болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады.
Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 15 желтоқсанда демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік отшашу қойылады. Отшашу кешкі сағат 21.00-де 3 жерде болады:- Ботаникалық бақ;
- Атырау көпірінен солтүстікке қарай Есіл өзенінің сол жағалауы;
- Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы (Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы).
Бұған дейін Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік награда алғандар туралы жазған болатынбыз.