Хаменова ісі: Атырау облысының әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Хаменова ісі: Атырау облысының әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: mail.kz
183
оқылды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты пікір білдірді, – деп жазады sputnik.kz.

Әкім: «Хаменованың орнына ешкім отырған жоқ. Оның қызметі әкімнің негізгі орынбасарлары арасында бөлінеді. Тергеу жүріп жатыр. Барлығы тергеуден кейін белгілі болады», – деді.
Оның айтуынша, өзін әлі жауап алуға шақырмаған. Орынбасары ұсталғаннан кейін онымен сөйлеспеген. Сондай-ақ журналистер Досмұхамбетовтан «Хаменова ұсталғаннан кейін отставкаға кетуге дайынсыз ба?» – деп сұрады.
«Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер маған тікелей бағынышты орынбасарымның бірінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен кетуім керек және мен отставкаға өтініш беремін. Әрі қарай Мемлекет басшысы шешім қабылдайды», – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Бұған дейін  Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны, кейіннен үйқамаққа жіберілгені туралы жазған болатынбыз.