Келіннің атын пайдаланып, 100 мың теңге аудартып алған алаяқ ұсталды
Келіннің атын пайдаланып, 100 мың теңге аудартып алған алаяқ ұсталды
Фото: cisoclub.ru
151
оқылды

Түркістан облысы Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Алаяқтық тәсілмен белгісіз ер адам есепшотына 100 мың теңге ақша аудартып алғанына шағымданған.

Факті ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктіні ұстады. Ол Қазығұрт ауданының тұрғыны екені белгілі болды.

Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол WhatsApp арқылы жәбірленуші әйелге келінінің атын жамылып хабарлама жазып, ақша қажет екенін айтқан. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп 100 мың теңге аударып жіберген.

Тергеу жүргізіліп жатыр.