«Орда FM» радиосы 30 сағат бойы үзіліссіз эфир жүргізіп, «Радио жүргізушілер командасымен ең ұзақ эфир уақыты үшін» Қазақстан рекордын (KINES) орнатты.
Студияға сағат сайын эстрада жұлдыздары, белгілі спортшылар, танымал өнерпаздар мерекемен құттықтап келді. Олардың арасында Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Бейбіт Қорған, Дастан Оразбеков, Оразгүл Асанғазы, Сергей Қанов, Серік Сәпиев, Илья Ильин де бар.«Бұл – біздің ұжымның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына жақсы көңіл күй сыйлауға аз да болса қосқан үлесі. Рекордтар кітабының өкілі біздің жазбамызды тіркеп, тиісті сертификат берді», – дейді ORDA FM директоры Кирилл Волков.