Амандық Баталов қазір қайда жүр?
Амандық Баталов қазір қайда жүр?
©baribar.kz
283
оқылды

Соңғы жеті жылда Алматы облысына жетекшілік еткен Амандық Баталовтың қазір қайда екені белгілі болды. Лауазымынан босатылған экс-әкім Талдықорғаннан Алматыға көшіп кетіпті.

– Қазір Талдықорғаннан Алматыға көшіп келдік. Содан бері үйдемін. Бос уақытымды үй ішіммен өткізіп жатырмын. Әзірге ешқандай жұмысқа орналасуды көздеген жоқпын, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер болғандықтан өзінің отставкаға кететініне дайын болғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, қарашаның аяғында Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.