Атырауда 4 қаңғыбас ит жасөспірім қызды талап тастады
Атырауда 4 қаңғыбас ит жасөспірім қызды талап тастады
Фото: newslab.ru
336
оқылды
Атырау облысында төрт ит жасөспірім қызды талап тастады. Қазір оның жағдайы ауыр, – деп хабарлады ATPress.kz. Облыстық балалар ауруханасына 2008 жылғы қыз 13 желтоқсан күні сағат 19:50-де жағдайы ауыр күйде түскен. Дәрігерлердің айтуынша 13 жастағы қыздың сол жақ иығы, беті, маңдайы мен параорбитальді аймағы қатты жараланған.
«Науқастың екі иығының, білегінің, буындары мен санының терісі қатты жараланған. Қазір жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр», – деп хабарланды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Атырауда биыл 11 айдың ішінде облыстық балалар ауруханасына жануарлардың шабуылына тап болған 380 бала келіп түскен.