Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 15 желтоқсанда алты облыста ескерту жасады. Ақмола облысының солтүстігінде боран болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Түркістан облысында түнде және таңертең оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау облысының батыс, шығыс және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғатынын болжап отыр, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман күтіледі, жел 17-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.