Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 15 секундта жеңді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 15 секундта жеңді
Фото: kff.kz
197
оқылды
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына дайындық аясында Өзбекстан құрамасымен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, 3:1 есебімен жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасы екінші таймның басында-ақ екі гол соқты, бұл үшін небәрі он бес секунд қажет болды: 22-минутта Арнольд Кнауб есепті ашса, екінші голды Дуглас соқты. 39-минутта Илхом Хамроев есеп айырмасын қысқартып кетті. УЕФА ЕУРО-2022 турнирі 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді.