Қазақстандық теннисші Еуропа рейтингінде көш бастады
Қазақстандық теннисші Еуропа рейтингінде көш бастады
Tennis Europe ұйымы алдағы жылы күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингіні жариялады. Қазақстан теннис федерациясы мәліметінше, Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 255 ұпаймен көш бастады. З.Нұрланұлы 2021 жылы TE сериясы бойынша өткен алты жарысқа қатысқан. Осы жастағылар арасында, сондай-ақ қазақстандықтар Демид Горбачев (36-орын) пен Даниэль Тазабеков (45-орын) үздік елулікке кірді. Junior Masters – 14 және 16 жасқа дейінгі ойыншылар қатысатын еуропалық іс-шара. Ол сегіз үздік ұл мен қыздан тұрады. Оның бұрынғы чемпиондарының қатарында Рафаэль Надаль, Ким Клейстер, Александр Зверев, Белинда Бенчич және тағы басқалары бар.