Аустралияда өнер көрсетеді
Аустралияда өнер көрсетеді
149
оқылды
Үш қазақстандық теннисші Максим Батютенко, Аружан Са­ғындықова және Татьяна Ни­коленко алдағы жыл басында жастар арасында өтетін Ауст­ралия ашық біріншілігінде өнер көрсетеді. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміз тарихында «Үлкен дулыға» турнирінде жас­тар арасында үш бірдей ойыншымыз алғаш рет бақ сынамақшы. Жастар арасындағы әлемдік рей­тингіде Максим Батютенко 93, Ару­жан Сағындықова 82-орында келеді. Максим жуырда Үндістанның Пуна қаласында 18 жасқа дейінгі­лер арасында ITF Juniors сериясы бойынша өткен жарыста жекелей сын­да үздік деп танылды. Қара­ған­ды теннис мектебінің түлегі финал­да бір сағатқа жетпейтін уақыт ішін­де үндістандық Сахеба Содхи­ді 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Бұдан екі ап­та бұрын ол Үндіс­танның Дели қа­ласында өткен осындай жарыста чем­пион болған.

А.ЖАСАНҰЛЫ