Үш қазақстандық теннисші Максим Батютенко, Аружан Сағындықова және Татьяна Николенко алдағы жыл басында жастар арасында өтетін Аустралия ашық біріншілігінде өнер көрсетеді. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміз тарихында «Үлкен дулыға» турнирінде жастар арасында үш бірдей ойыншымыз алғаш рет бақ сынамақшы. Жастар арасындағы әлемдік рейтингіде Максим Батютенко 93, Аружан Сағындықова 82-орында келеді. Максим жуырда Үндістанның Пуна қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors сериясы бойынша өткен жарыста жекелей сында үздік деп танылды. Қарағанды теннис мектебінің түлегі финалда бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде үндістандық Сахеба Содхиді 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Бұдан екі апта бұрын ол Үндістанның Дели қаласында өткен осындай жарыста чемпион болған.
А.ЖАСАНҰЛЫ