Сыйақыдан қағылған автобус жүргізушілері наразылық білдірді
Сыйақыдан қағылған автобус жүргізушілері наразылық білдірді
Ⓒ Ratel.kz / Дмитрий Матвеев.
146
оқылды

Ақтөбеде сыйақыдан қағылған автобус жүргізушілері наразылық білдірді. Автопарк басшылығына өкпелегендер жұмысқа шықпай қойған. Соның салдарынан жолаушылар діттеген жеріне жете алмай, қоғамдық көлікті сағаттап күтуге тура келді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қала тұрғыны Айбек Сағынов: «30-40 минут сайын жүреді. Әсіресе аялдамалар істемей тұрса. Сыртта тоңып тұрасың. Ақыры такси шақырасың. Көп күтіп қалсаң да болмайды», – дейді. Қоғамдық көліктің азайғанынан такси қызметіне сұраныс артты. Таңнан бері автобусты күтіп шаршағандар жол бойында қол көтеріп көлік тоқтатуға мәжбүр. Ал жүргізушілер наразылығын кешке бастаған. Сыйақыларының қиылғанын естігендері жолға шығудан бас тартқан. 37 автобусты гаражға қаңтарып қойыпты. Бүгін жүргізушілердің жартысы райынан қайтса, қалған 17 адам басшысына талап қойып жатыр. Автопаркттегілер жүргізушілерді жұмыс барысындағы қателіктеріне байланысты жазаладық деп отыр. Сыйақыны қиюға олардың электронды төлемақы қабылдамауы, бағыттан ерте шығуы себеп болған.

«Автопарк»  ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов: «Сыйақы мөлшері 10 мың теңгеден 40-50 мың теңге арасында қиылды. Оны тек мына жай дүниеден істеп отырған жоқпыз, кішкентай ілік іздеп жатқан жоқпыз. Ол бір жүргізушінің бұзушылықты бірнеше рет қайталауы, дөрекі жайттар. Мысалы, жолаушылардан шағым түсті деп айта аламын», – дейді.