Бейнеуде жаңа газ стансасы іске қосылды
Бейнеуде жаңа газ стансасы іске қосылды
394
оқылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қаз­ТрансГаз» ҰК АҚ Маңғыстау облысындағы «Бей­неу» жаңа газ өлшеу станса­сының құрылысын аяқтап, пайдалануға берді.  Жоба бойынша «Бейнеу» ГӨС алаңы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры Бейнеу ауданында Маңғыс­тау облысында қолданыстағы «Бейнеу» КС-нан солтүстік-шығыс бағытында орналасқан. Енді газ «Бейнеу» ГӨС-ға «САЦ-4» МГҚ ойма нүктесі арқылы беріледі. Диа­метрі 1 067 мм құрайтын ГӨС кіріс кол­лекторына түседі және диаметрі 508 мм жеткізуші құбыржолдар арқылы тазарту қондырғысына жеткізілетін болады. Өлшеу қондырғыларынан кейін газ диаметрі 1 067 мм шығыс коллекторы ар­қылы Бейнеу-Бозой-Шымкент магис­тралды газ құбырына түседі. Бейнеу «Бейнеу» ГӨС барлық техникалық талаптарға сәйкес заманауи техноло­гияларды пайдалана отырып салынған. Жаңа стансаны пайдалануға берудің нәтижесінде газ құрамын бақылау және құбыры арқылы өтетін оның мөлшерін есепке алу дәлдігі сапалы түрде жақсарып отыр. Бұл отандық газ тасымалдау жү­йесінің тиімділігіне оң әсер етеді деп жоспарланып отыр. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магис­тралды газ құбыры бұрын жұмыс істеген барлық газ тасымалдау магистралдарын бір желіге қосады. Сонымен бірге елі­міздің батыс өңіріндегі кен орындарынан еліміздің оңтүстік өңірлеріне табиғи газ­дың тұрақты жеткізілуіне, сондай-ақ Қытай бағытына экспортқа кепілдік берді. Бейнеу. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құ­быры тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі құбыр жобасы екені белгілі. Әрі бұл құбыр еліміздің энергетикалық қауіп­сіздігін арттыруда маңызды рөл атқарып отыр. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ құрылысының арқасында еліміз үш маңызды міндетті шеше алды. Оның ішінде еліміздің оңтүстік өңіріне тұрақты газ жеткізуді қамтамасыз ету және елдің газ тасымалының бірыңғай жүйесін құрды. Сондай-ақ қазақстандық газдың сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайту жағы оң шешімін тауып отыр.

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ, Маңғыстау облысы