«Қазақ тілі» – сотта
«Қазақ тілі» – сотта
311
оқылды
Қарағанды облыстық сотында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап «ҚАЗАҚ ТІЛІ» – кітабінің тұсаукесері өтті. Шараға облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен тілге жауапты судьялары, сондай-ақ Қарағанды облысы соттарының судьялары, тілдерді оқыту орталығының өкілдері, ғалымдар мен тіл жанашырлары қатысты.  Тұсаукесер рәсімін Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов аша отырып, «Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа аманат боп қалған баға жетпес асыл мұрасы, – деп мемлекеттік тілге деген ерекше құрметін білдірді. Сондай-ақ В1 – орта деңгейіне арналған үшінші оқу құралының дайын екенін және толық үш деңгейлі әдістемелік кешен қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, жиынға қатысқан қонақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ә.Қаба, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Нүкенов, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Г.Қаңтарбекова, Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы З.Күзекова, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ш.Мажитаева, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С.Ақсұңқарұлы, Қарағанды облысы бойынша қазақ тілі қоғамының төрағасы Е.Елемесұлы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан жазушылар одағының  мүшесі Қ.Асанов, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Жангазин облыстық соттың ұжымын аталған туындымен құттықтай отырып, ерекше пікірлері мен ізгі ниеттерін білдірді. Н.Шәріпов өз сөзінде, осы жарық көрген әдістемелік кешен барлық әріптестеріміздің мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренуге деген ынтасын оятып, қазақ тілінде сөйлеушілер қатарын арттыруға және сот саласының тілдік ахуалын жақсартуға өз үлесін қосатынына сенімді екенін ерекше айта өтіп, барлық қатысушыларды мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысуға шақырды.