«Белнефтехим» делегациясы Қазақстанға мұнай келісімін жасауға келеді
«Белнефтехим» делегациясы Қазақстанға мұнай келісімін жасауға келеді
©Pixabay
193
оқылды
«Белнефтехим» концернінің делегациясы келесі аптада Қазақстанға мұнай жеткізу бойынша маңызды келіссөздер жүргізу үшін келеді. Бұл туралы Facebook-те Беларусь үкіметінің баспасөз хатшысы Александр Исаев мәлімдеді, – деп хабарлайды zakon.kz. Бұл туралы Алматыда Беларусь премьер-министрі Сергей Румас пен Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің кездесуі барысында қол жеткізілді. Беларусь Үкіметінің басшысы өзінің әріптесіне Үкіметтің тиісті үкіметаралық келісімге қол қою құқығы берілгендігін хабарлады. Кеше Александр Лукашенко Үкіметке Беларуське мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы, сондай-ақ келісім жобасы мен мақұлданған жоба аясында келісімге қол қою туралы келіссөздер жүргізуге уәкілеттік берген Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін А.Лукашенко Беларуссияға мұнай жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар елдердің бірі деп Қазақстан туралы да бірнеше рет айтқан болатын. Бұл мәселе өткен жылдың қазан айында Беларусь мемлекет басшысының Қазақстанға ресми сапары кезінде де талқыланды.