Бүгін «Астана» концерт залында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Сарыарқа – тарихтың бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты жиынды Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен ашты. Ол ауданның дамуы туралы айтып, елордалықтарды алдағы мерекемен құттықтады.Өз кезегінде, қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Қаналимов өз жұмысын сол кезде халық ең көп қоныстанған Сарыарқа ауданында бастағанын атап өтті. [caption id="attachment_175613" align="aligncenter" > Фото: astana.gov.kz[/caption] «30 жыл ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Елбасының ұстанған саясатының арқасында айналамыздағы көршілермен келіссөздер жүргізіліп, мемлекеттік шекарамыз шегенделді, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, экологиялық реформалар жасалды. Елбасының ең ұлы шешімдерінің бірі – астананы Ақмолаға көшіру. Ол кезде шағын қалада небәрі 150 мың тұрғын болатын. Мен өз қызметімді 2002 жылы Сарыарқа ауданында бастадым. Ол кезде екі ауданның ішінде Сарыарқаның тұрғыны көп болды. Қазір қаламызда 4 аудан бар. Қала өсіп келеді, үйлер салынып жатыр, ал мұның бәрі атқарылған еңбектің арқасында. Мен астанамыздың және бүкіл елдің игілігі үшін еңбек еткен жандарға алғысымды білдіргім келеді. Елордамыз бүкіл республика дамуының локомотивіне айналды. Еліміздің әрбір тұрғынына ашық аспан, мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әрбір жанұяда амандық болсын, ал еліміз одан әрі өркендей берсін!» – деді Ерлан Қаналимов. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов елордалық ардагерлерге қаланың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.«Тәуелсіздік – халқымыздың басты құндылығы. Егемендіктің 30 жылы ішінде еліміз барлық қиындықтарды еңсеріп, халықаралық аренаға шықты. Тәуелсіздігіміздің жарқын жетістіктерінің бірі – елорда. Сарыарқа ауданы елорданың қалыптасуына куә болды. Әрқайсыңыз еліміздің игілігі үшін еңбек етіп келесіздер! Барша қазақстандықты Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!» – деді Есет Байкен.
Ресми бөлім барысында Сарыарқа ауданының тұрғындарын ауданның немесе қаланың ғана емес, елдің дамуына қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті. [caption id="attachment_175614" align="alignnone" > Фото: astana.gov.kz[/caption] ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл» төсбелгісін 12 адам, «Халық алғысы» медалін 8 адам алды. Қала әкімі мен аудан әкімінің алғысхаттары қаламыздың 40 тұрғынына тапсырылды, олардың арасында қоғам қайраткерлері, белсенді қала тұрғындары, ардагерлер, әлеуметтік маңызы бар мамандық иелері бар. Сол сияқты «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төс белгілерімен марапатталған ауданның көпбалалы аналары да назардан тыс қалған жоқ. [caption id="attachment_175616" align="aligncenter" > Фото: astana.gov.kz[/caption]«Тәуелсіздік күні – халқымыз үшін ең басты мереке. Бұл күнді ата-бабамыз ұзақ уақыт бойы күткен. Сарыарқа ауданы қаланың тарихи бөлігін сақтап қалды. Менің бүкіл өмірім осы қаламен және Сарыарқа ауданымен тікелей байланысты. Бүгінгі басқосуымызға қала игілігі үшін ұзақ уақыт еңбек еткен ардагерлеріміз қатысып отыр. Елордамыздың негізін қалаған ардагерлерге алғысымды білдіргім келеді. Жастарға айтарым, тәуелсіздігімізді қадірлеңіздер. Ең алдымен, еңбек етіңіз, ал қажет болса, егемендігімізді қорғаңыздар», – деп атап өтті ол.
Салтанатты шара қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының мерекелік концертімен жалғасты.