Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа монеталар айналымға шығады
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа монеталар айналымға шығады
Фото: nationalbank.kz

16 желтоқсан қарсаңында Táýelsiz Qazaqstanǵa 30 jyl коллекциялық монеталары айналымға шығады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.

Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат банктің ресми сайтында жарияланады. Номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шығып отыр.   [caption id="attachment_175619" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: nationalbank.kz[/caption] Táýelsiz qazaqstanǵa 30 jyl монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының 1-сериясымен символдық байланысын көрсетеді. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді.   [caption id="attachment_175620" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: nationalbank.kz[/caption] Монеталардың басты бетінде (аверсінде) номиналы, ҚҰБ логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы бар.   [caption id="attachment_175621" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: nationalbank.kz[/caption] Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің (басқұр) декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі бар. Монеталар: – 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы – «proof», массасы – 933 грамм (30 унция), диаметрі – 100 мм, номиналы – 5000 теңгелік, дайындау таралымы – 300 дана; – 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы – «proof», массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 3 000 дана; – МН 25 мельхиор қоспасынан, сапасы – рrооf-like, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 30 000 дана. Монеталарды төлем жасауға, аударуға, ұсақтау және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.