Қазақстандық велошабандоз спорттық мансабын аяқтады
Қазақстандық велошабандоз спорттық мансабын аяқтады
142
оқылды

Қазақстандық велошабандоз Даниил Фоминых мансабын аяқтады. Ол келер жылдан бастап басқа қызметке ауысатын болды. Бұл туралы cпортшы Prosports.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

– Спорттық мансабымды аяқтауды ұйғардым. Келесі жылдан бастап континенттік Алматы велокомандасында спорт директоры және ҰОК-да аға жаттықтырушы болып жұмыс істеймін, – деді Фоминых.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Даниил спорттық мансабын елордалық клуб сапында бастады. Екі маусымнан кейін негізгі командаға алынып, жеті маусымды Әлемдік турда өткізді. Отандық спортшымен ары қарай келісімшарт мерзімі ұзартылған жоқ.