Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды
Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды
© gov.kz
209
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады. Ведомствоның мәліметінше, олардың көпшілігі қазақстандық тарапқа ұстатпау шараларын қабылдайды және елден тыс жерлерде жасырынып жүр.
"Мысалы, Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады. Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ-мен бірлесіп, К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау шарасы жүзеге асырылып жатыр. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Экономикалық тергеу департаменті екінші тергеу бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары, халықаралық іздеуде жүрген  Дастанбек Қайырбеков ұсталғанын жазған болатынбыз.