Арман Әшімов Украина чемпионын жеңді – Видео
Арман Әшімов Украина чемпионын жеңді – Видео
230
оқылды

Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов жалаң қолмен жұдырықтасатын айқаста алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

М-1 лигасының бұрынғы чемпионы Киевте өткен Mahatch FC турниріне қатысты. Қазақ спортшысының қарсыласы бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионаты мен Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Беляк болды. Кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Арман бір соққымен қарсыласын нокаутқа түсірді. https://youtu.be/IReuFFUZxQ8