Агуэро cпорттық мансабын аяқтады
Агуэро cпорттық мансабын аяқтады
173
оқылды

«Барселона» футбол клубының 33 жастағы шабуылшысы Серхио Агуэро арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, спортық мансабын аяқтайтынын хабарлады.

Аргентиналық футболшының мұндай қадамға баруына  денсаулығындағы кінәрат (жүрек ауруы) себеп болды. Баспасөз мәслихаты кезінде Агуэро көз жасына ерік берді. Естеріңізге сала кетейік, шабуылшы Ла Лиганың 12-ші турында «Алавеспен» болған матчтың (1:1) бірінші таймында тахикардияға байланысты алаңдағы орнын босатқан еді. Матчтан кейін Серхионың жағдайы жақсы екені хабарланды. Бірақ дәрігерлер оның қайта футбол ойнауына тыйым салды. Футболшы «Барселонаға» осы жылдың шілде айында ауысқан. Ол каталониялық клубқа «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде қосылған болатын.