14 желтоқсанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Осы үкіммен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаев 29,7 млн теңге айыппұлға сотталды. Аталған лауазымды тұлғалар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС-ті мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.