UFC-де ең көп табыс тапқан қазақстандық файтерлер белгілі болды
UFC-де ең көп табыс тапқан қазақстандық файтерлер белгілі болды
Фото: meta-ratings.kz
191
оқылды
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтерлердің биыл жалпы қанша табыс тапқаны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Биыл ұйыммен келісімшарты бар қазақстандықтардың барлығы UFC-де жұдырықтаса алды. Олардың қатарында әйелдер арасындағы ең төменгі салмақтағы Мария Агапова (10-2), ең жеңіл салмақтың өкілі Жалғас Жұмағұлов (14-6), жеңіл салмақтағы Сергей Морозов (17-5), сондай-ақ жартылай орта салмақтағы жеңіліс көрмеген Шавкат Рахмонов (14- 0). 2021 жылы Жұмағұлов үш кездесу өткізді. Екі рет жеңіліп, бір рет қарсыласынан басым түскен ол 62 000 доллар табыс тапты. Морозов октагонға екі рет шықты. Бір жеңісі мен бір жеңілісі оған 37 500 доллар әкелді. Рахмонов пен Агапова бір реттен октогонға шығып – екеуі де жеңіске жетті. Шавкат 28 000 доллар, ал Агапова 94 000 долларды қанжығасына байлаған. Бұл Марияның мансабындағы рекордтық сома.