Арктикада ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті
Арктикада ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті
343
оқылды
Былтыр Сібірдің арктикалық аймағында орташа температура нормадан 10 градусқа жоғары болған. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мәліметінше, Арктикадағы жаңа температура рекордтық 38 градусқа жеткен.
"Бүгін таңертең Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы Ресейдің Верхоянск қаласында арктикалық температура рекорды – Цельсий бойынша 38 градус немесе Фаренгейт шкаласы бойынша 100,4 болғанын мойындады. Ол өткен жылдың 20 маусымында тіркелген", – деді Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның баспасөз хатшысы Клэр Нуллис.
Аталған ұйым сарапшылары Сібірдің арктикалық аймағындағы жаздың жоғары температурасы өрттердің күшеюі мен теңіз мұзының жаппай еруіне әкелгенін атап өтті.