Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: Kazlenta.kz
122
оқылды
Синоптиктердің айтуынша, мереке күндері ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен шығыста солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар жауады, бұрқасын болады. Сонымен қатар, синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жасады: Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда 16 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Қызылордада 16 желтоқсанда кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Көкшетауда осы күні оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда да 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.