Халықаралық резервтер 90 млрд доллардан асты
Халықаралық резервтер 90 млрд  доллардан асты
156
оқылды
Қазақстанның халық­аралық резервтері 90 млрд доллардан асты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіз­дігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында мәлімдеді.
«Ауқымды реформалардың арқасында отандық экономика­ның көлемі 2,5 есе ұлғайды. Халықтың жан басына шақ­қандағы жалпы ішкі өнімі доллар эквивалентінде 13 есе өсті. Бұл біздің елді Орталық Азияда сөзсіз көшбасшы етті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, Қазақстанға 370 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
«Бұл көрсеткіш бойынша жан басына шаққанда біз барлық посткеңестік кеңістік пен бірқатар Шығыс Еуропа елдерінен озамыз. Қазақстанның халықаралық резервтері 90 млрд доллардан асады», – деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, еліміз өңірлерді, көлік инфра­құры­лымын, әлеуметтік саланы дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Соның арқасында 13 мың шақырым автожол мен 2 700 шақырым теміржол салынып, қайта жөнделді.

Мейірім ҚАЙРАТҚЫЗЫ