Дәл осы күні осыдан 30 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
Тәуелсіз Қазақстан 30 жылда егемен ел болу үшін саяси-экономикалық кедергілерден өтті. Әнұран, Елтаңба, Туды бекітті. Ұлттық валютаны қолданысқа енгізді. Шекараны айқындап, бекітті. Астанасын Алматыдан қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырды. Биыл өткен халық санағының нәтижесі бойынша халық саны 19 миллионнан асты. Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Кейіннен Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран Ислам Республикасы Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Қазақстанда Түркия ең бірінші өз елшілігін ашты. Қазақстанда бүгінде 17 аймақ, оның ішінде 3 мегаполис бар.