Инсульт алған журналист жансақтау бөлімінде қайтыс болды  
Инсульт алған журналист жансақтау бөлімінде қайтыс болды  
Фото: shaiba.kz

Журналист Максим Карташов 49 жасында өмірден өтті, – деп жазады «Шайба.kz».

Ол бірнеше күн бұрын инсульт алып, жансақтау бөліміне түскен. Максим Карташов 1990 жылдардан бері Қазақстан хоккейін насихаттады. «Қазақстан хоккейі» («Хоккей Казахстана» – ред.) журналының редакторы, «Қазақстанның ең үздік хоккейшісі» байқауының атқарушы директоры болды.