Аялдамада оқ тиген үш жасөспірім ауруханаға жеткізілді
Аялдамада оқ тиген үш жасөспірім ауруханаға жеткізілді
Фото: m.sputnik.kz

Қызылорда облысында атыс болды. Оқ тиген үш жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 желтоқсан күні сағат 18.00-де Қармақшы ауданы Төретам ауылындағы аялдамада болған. Жарақат алған жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді. Полицейлер күдіктілерді ұстады.

«Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін пәтерден табылған мылтық туралы жазған болатынбыз.