Үржар әуежайындағы жөндеу жұмысы қашан аяқталады?
Үржар әуежайындағы жөндеу жұмысы қашан аяқталады?
Фото: otdyh-vko.kz

Үржар әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Үржар әуежайындағы ұшу-қону жолағының пайдалануға берілетін мерзімі туралы айтты, – деп жазады zakon.kz.

Алакөл маңында орналасқан Үржар әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмысы келесі жылдың 1-тоқсанында аяқталмақ.

«Бастапқыда Өскемен әуежайын қайта құру кезінде дабыл жарығы Үржар қаласына берілетіні анықталды. Мұны техникалық тұрғыдан жасау мүмкін болмады. Қазір жаңа жоба жасалып жатыр. Ол қазір аяқталды. Бірінші тоқсанда жұмыс аяқталып, жазда Үржар әуежайы толыққанды жұмыс істейді», – деді ол.

Үржар әуежайына ұшу-қону жолағын салуға облыс бюджетінен 980 миллион теңге қарастырылған.