Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

Салтанатты іс-шараға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері, Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Ауған соғысының жауынгерлері және Чернобыль апатына қатысқандар, қала тұрғындары қатысты. Мәдени іс-шара әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

 

Тәуелсіздік монументі Республика алаңында 1996 жылы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ашылды.