1986 жылы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырған кім?
1986 жылы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырған кім?
1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі
665
оқылды

Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырған кім? Бұл сұраққа тарих ғылымдарының кандидаты Өмірбай Бекмағанбетов Shalqar радиосына берген сұхбатта жауап берді.

"1986 жылы болған оқиғаны "оқиға" деп қана жүрміз. Кейінгі кезде оны көтеріліс деп жиі айтып жүр. Ғылыми тұрғыдан қарасақ, Желтоқсан оқиғасының көтеріліске тән барлық белгісі бар. Себептері, түрткі болғаны, барысы, тарихи маңызы бар. Бірақ бір нәрсе ғана ашық емес, ол – ұйымдастырушысы кім деген мәселе. Мысалы, кез келген көтерілістің жетекішісі болады, Махамбет, Исатай болсын, Кенесары болсын. Ал Желтоқсанға қатысты кім екенін нақты айта алмаймыз. Себебі – қол байлау болып отырғаны әлі күнге дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі Желтоқсанға қатысты көптеген архив құжаттарының ғылыми айналымға енбеуі. Сол уақыттағы Орталық комитет пен Қарулы күштерінің арасындағы, Ішкі істер министрлігінің баяндамасы, тергеудің хаттары, тағы басқа кей құжаттарға зерттеушілердің қолы жетпеді. Сондықтан көтерілістің ұйымдастырушысы кім деген кезде біз айта алмаймыз", – деп жауап берді Өмірбай Бекмағанбетов.
Тарихшы бұл көтерілістің анық бір ұйымдастырушысы болғанын айтты. "Мәскеудің орталық партия басшылары ма, әлде Батыстың барлау қызметінің әрекеті ме, біз нақты айта алмаймыз. Желтоқсан оқиғасын "көтеріліс" деп ауыз толтырып, сеніммен айту үшін де ұйымдстырушысын, яғни жетекшісін білуіміз керек. Алматыда болған деп көбірек айтамыз, бірақ бүкіл облыстың орталығындағы университеттің жастары да шықты. Бірақ белгіленген бір уақытта, бір күнде, бүкіл жастар, бірдей ұранмен шықты. Яғни логикалық тұрғыда ойланып көрсеңіз, бір ұйымдастырушының бар екенін байқауға болады. Біз оның кім екенін айта алмаймыз, дерек жоқ", – деді тарихшы. [caption id="attachment_175887" align="aligncenter" width="1200"]1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі 1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі[/caption] [caption id="attachment_175889" align="aligncenter" width="1200"]1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі 1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі[/caption] [caption id="attachment_175890" align="aligncenter" width="1200"]1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі 1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі[/caption] [caption id="attachment_175892" align="aligncenter" width="1200"]1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі 1986 жыл. Желтоқсан көтерілісі[/caption]