Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 9 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 9 өңірде ескерту жариялады
Фото: Kazlenta.kz
182
оқылды
Синоптиктер 9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең 17 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. 17 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында 17 желтоқсанда түнде және таңертен тұман түседі. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу борасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с. Қызылорда облысының оңтүстігі мен Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түссе, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында 15-20 м/с. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығығысында екпіні 15-20 м/с.