ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Оған сәйкес облыста карантиндік шектеулер 30 желтоқсанға дейін ұзартылды. Карантин мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 13,7%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,8.