Жастар арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құрама ірі жеңіске жетті
Жастар арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құрама ірі жеңіске жетті
Фото: sports.ru
188
оқылды
Қазақстан құрамасы (U-20) хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионаты-2022-нің бірінші дивизионында үшінші матчын өткізді, – деп хабарлайды Sports.kz сайты. А тобындағы үшінші ойында Қазақстан Данияны 4:1 есебімен жеңді. Турнир кестесінде Беларусь көш бастап тұр. Норвегия, Латвия және Қазақстанда 6 ұпайдан бар. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Венгрияны (3:1) және Данияны (4:1) жеңген. 16 желтоқсанда Қазақстан Беларусьпен ойнайды, 18 желтоқсанда – Латвиямен. Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға шығуы үшін топта жеңімпаз атану қажет.