17 желтоқсанда республикамыздың басым бөлігінде жел күшейеді – Қазгидромет 
17 желтоқсанда республикамыздың басым бөлігінде жел күшейеді – Қазгидромет 
©sn.kz
255
оқылды

Бүгін, яғни 17 желтоқсанда болатын ауа райына Қазгидромет  болжам жасады.

Синоптиктердің сөзінше, солтүстік-батыс циклонның әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Ал республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, айналаны тұман басады. Атап айтсақ, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейсе, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман басып, қатты жел тұрмақ. Сол сияқты Павлодар облысының солтүстігі мен батысында да, Қостанай облысының солтүстігінде де, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында да дәл осындай жағдай күтілуде.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз күн ашық болса, түнде жел қарқыны күшейе түспек.