Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
©kazaknews.kz
855
оқылды

Швейцарияның Ньон қаласындағы жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды.

Vesti.kz сайтының жариялауынша, егер Қазақстан С дивизионында қалса, 3-топта Словакия, Беларусь және Әзербайжанмен кездеседі. D дивизионына төмендесе, 1-топта Лихтенштейн, Андорра және Латвияға қарсы ойнайтын болады.

Ал 2022 жылғы 24, 29 наурызда Қазақстан құрамасы Молдоваға қарсы өтпелі ойын өткізеді. Жеңімпаз С дивизионындағы орнын сақтап қалады, ал жеңілген топ төмен дәрежеде ойнайды.

Ұлттар лигасы 2022 жылдың маусымында басталады. [caption id="attachment_175919" align="alignnone" width="1200"]Қазақстан ©tengrinews.kz[/caption]