Швейцарияның Ньон қаласындағы жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды.
Vesti.kz сайтының жариялауынша, егер Қазақстан С дивизионында қалса, 3-топта Словакия, Беларусь және Әзербайжанмен кездеседі. D дивизионына төмендесе, 1-топта Лихтенштейн, Андорра және Латвияға қарсы ойнайтын болады.
Ал 2022 жылғы 24, 29 наурызда Қазақстан құрамасы Молдоваға қарсы өтпелі ойын өткізеді. Жеңімпаз С дивизионындағы орнын сақтап қалады, ал жеңілген топ төмен дәрежеде ойнайды.
Ұлттар лигасы 2022 жылдың маусымында басталады.
[caption id="attachment_175919" align="alignnone" width="1200"]
©tengrinews.kz[/caption]