Елімізде жұмыртқа бағасы арзандады

Елімізде жұмыртқа бағасы арзандады

Жұмыртқаның бағасы төмендегенін Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мәлімдеді. Бұл жайында Петропавловск.news хабарлады.

10 желтоқсаннан бастап республиканың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы төмендейді.

- Жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) түседі. Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін арзандайды, – дейді Қауымдастық президенті Максим Божко.

Соған қарамастан кейбір сауда-саттық орындарда бұрынғы баға сақталып тұруы да мүмкін. Қауымдастық басшысының айтуынша, оның бәрі мерекеге байланысты жасалып жатқан дүние.