Түрмеге қамалған журналистер саны 293-ке жетті
Түрмеге қамалған журналистер саны 293-ке жетті
©sn.kz

Журналистерді қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айындағы жағдайға сәйкес әлемде 293 журналист түрмеге түскен. Оның ішінде біреуі - Қазақстанда.

Ал "Шекарасыз репортерлер" ұйымының мәліметінше, биыл қызмет бабы бойынша түрмеге түскен  журналистердің саны 488-ге жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Жалпы сөз бостандығын қорғап, түрлі шабуылдау мен қудалауларға ұшыраған журналистер арасында 60 әйел бар.

Алаңдатарлық жағдай Қытай, Мьянма және Беларусьте  екен. Онда 212 журналист түрмеге түскен. Ал Вьетнам және Сауд Арабиясымен қосқанда, осы бес елде дүниежүзіндегі тұтқындаудың 59%-ын құрайды. Мысалы, Беларусьте 32 журналист түрмеге қамалған.