Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан оқиғасын еске алып, қатысушылардың ерлігі ел есінде мәңгіге қалғанын айтты.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 17, 2021– Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес Одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.