Meta Platforms (бұрынғы Facebook) 50 000-ға жуық пайдаланушыны бақылаған жеті ұйымды бұғаттады, – деп хабарлады компания өз веб-сайтында. Шабуылшылар Қытай, Үндістан, Израиль және Солтүстік Македонияда орналасқан. Олар 100-ден астам елдің Facebook пайдаланушыларын бақылаған. Meta ұйымдардың инфрақұрылымын бұғаттады және қауымдастық ережелерін бұзу туралы ескерту жасады. Зиянды әрекеттерден зардап шеккен Facebook пайдаланушыларының шағымдарын ескерді. Бұған дейін Facebook-тің бет-әлпетті тану жүйесінен бас тартатыны хабарланған болатын. Meta миллиардтан астам адамның бет-әлпетін тану үлгілерін жою туралы шешім қабылдады.